Кеше Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың іс-әрекеті қаншалық орынды болғаны сұралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спикер көрші палатадағы депутаттардың әрекетіне пікір білдіру "дұрыс емес" екенін жеткізді.

Содан кейін журналист "Сенатта мұндай жағдайы болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көретін болса, мүмкін. Бірақ әзірге мұндай жағдай болған жоқ", — деп жауап берді Әшімбаев.

Мән-жайы

Депутат сауалын жолдамас бұрын анасына арналған тілегін жеткізді.

"Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін", — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget