Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былғары қолғап шебері 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Бекзат бұл кезеңде Грузия елінің өкілі Георгий Кушиташвилимен өзара мықтыны анықтады.
Алғашқы үш минуттықта отандасымыз басым түсті. Дегенмен Грузия елінің боксшысы екінші және үшінші раундта басымдық танытып, 3:2 есебімен жеңді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!