Орал қаласында түнгі уақытта болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:30 шамасында Күлтегін көшесінде болған. «ВАЗ-2114» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған. Қатты соққыдан бағана құлап, көлік аударылып, жол жиегіне шығып кеткен. Салонда болған 21 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды.
Жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.