Әйел адам Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты .
Апат қыркүйектің жетісіне қараған түні Жезқазған – Петропавл автожолында болған.
Ерлі-зайыпты кешкілік уақытта туыстарынан қайтып келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi автокөлігінің 41 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", inbusiness.kz деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.