Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару механизмін жеңілдетуді тапсырды.
Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған, салығын уақытында төлеп және инвестиция тартып отырған тауар өндірушілердің жерді әрі қарай пайдалану құқығын қамтамасыз етуді міндеттеді. 2022 жылдан бері 13,5 млн гектар жер қазынаға қайтарылды. Тиісті жұмыстар жүргізілген соң 4,1 млн гектар жер қолданысқа берілді.