Оңтүстік Корея мен АҚШ ғалымдары сынған сүйекті емдеудің жаңа әдісін ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тың құрылғы операция кезінде науқастың денесінде сүйек импланттарын тікелей "басып шығарады". Ол үшін сүйек тініне ұқсас заттар мен инфекцияның алдын алатын антибиотиктерден тұратын арнайы қоспа қолданылады.

Мамандардың айтуынша, қоспа төмен температурада балқып, ағза тіндеріне зиян келтірмейді. Сондай-ақ, сүйектің тез әрі дұрыс бітуіне ықпал етеді. Алғашқы сынақ құрылғының қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсеткен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget