Бүгін Сенат депутаттары ел президентінің ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғарғы палатаның жалпы отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының судьяны қызметінен босату туралы ұсынысын оқыды.
«Сенаттың қарауына Берік Нәжімиденовті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Ол тәжірибелі заңгер және қаржылық қадағалау саласының маманы. Президенттің Жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл тұрғыда оның басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату жөніндегі ұсынымды қолдауды сұраймыз», деді Дмитрий Малахов.