Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық рейтингтерді жаңартты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, енді 11-орында тұр. Юлия Путинцева да сәл алға жылжыды, 32-орыннан 31-орынға көтерілді. Зарина Дияс бір саты төмен сырғып кетті, 275-тен 276-орынға түсті.
Жібек Құламбаева айтарлықтай көтерілді, бірден 28 саты жоғарылап, 309-орынды алды.
Жұптық сында Қазақстан атынан ең үздік теннисші – Анна Данилина. Ол 18-орыннан 17-орынға көтерілді.
Айта кетейік, жуырда Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирін жеңіп алды. Бұл жүлде — оның карьерасындағы тоғызыншы жүлде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!