АҚШ-тың Орегон штатындағы фермерлер малды дронның көмегімен күзетіп отыр.
Ұшқышсыз аппараттың инфрақызыл датчиктері бар. Соның арқасында бөрілерді түнде де көреді. Егер қасқыр малға таяса, бірден қатты дауыс шығарады. Жаңа тәсіл өте тиімді дейді мамандар. Дрондарға калифорниялық малшылар да қызығып отыр.