Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімдігі, ауылдық округтер, білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жастар мен тұрғындар белсене атсалысты. Тазалық шарасына мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында ауыл көшелері, саябақтар, арықтар мен аулалар тұрмыстық қалдықтан тазартылып, ағаш түптері әктелді.

Мадияр Жолдыбаев, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны:

- Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бағдаралмасы аясында Қазығұрт ауылдық округіндегі дендросаябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл тазалық жұмыстарының мақсаты — аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаға құрметпен қарап, айналаны таза ұстауға, көше бойымен өзен жағалауларына қоқыс тастамауға шақырамыз.