Израиль әскері Газа cекторына гуманитарлық көмектің кіруін шектеп отыр.

Бұл туралы Палестина билігіне сілтеме жасай отырып, «Әл-Жазира» басылымы хабарлады. Өткен аптадан бері өңірге тек 100 жүк көлігі өткен. Бұл тойып тамақ ішпейтін 2 миллион тұрғын үшін жеткіліксіз.

БҰҰ-ның есептеуінше, аймаққа күн сайын 500 жүк көлігі келіп отыру керек. Бірнеше күн бұрын жеткізілген көмектің өзін тұрғындар әлі алған жоқ. Жүк арнайы орталықтарға жеткен соң ғана бөліп таратылады. Еврей елінің билігі: «Оны ХАМАС мүшелері қолды етуі мүмкін», - дейді. 2,5 айлық шектеуден кейін Израиль билігі Газаға гуманитарлық көмекті кіргізуге рұқсат берген еді. Аймақта аштық қаупі артып, еврей елінің билігіне халықаралық қысым күшейген.