4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен әлем біріншілігі өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Астанада өткен әлем кубогінің кезеңінде жеңіске жеткен былғары қолғап шеберлері Ливерпульде жаһан жеңімпазы атану үшін бақ сынайтынын айтқан болатын. Ал 60, 65 келіде ел намысын қорғайтындар спарринг сайыс арқылы анықталған. 60 келіде Бейбарыс Жексен тәжірибелі Серік Теміржановтан 5: 0 есебімен басым түсті. Ал 65 келіде Ертуған Зейнуллинов Мұхаммедсабыр Базарбайұлын 3: 2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

Сонымен, әлем чемпионатына қатысатын ел боксшыларының тізімі төмендегідей:

Ерлер

50 келіге дейін — Санжар Тәшкенбай

55 келіге дейін — Махмұд Сабырхан

60 келіге дейін — Бейбарыс Жексен

65 келіге дейін — Ертуған Зейнуллинов

70 келіге дейін — Төрехан Сабырхан

75 келіге дейін — Сабыржан Аққалықов

80 келіге дейін — Нұрбек Оралбай

85 келіге дейін — Бекзад Нұрдәулетов

90 келіге дейін — Сағындық Тоғамбай

90 келіден жоғары — Айбек Оралбай

Әйелдер

48 келіге дейін — Назым Қызайбай

51 келіге дейін — Алуа Балқыбекова

54 келіге дейін — Элина Базарова

57 келіге дейін — Карина Ибрагимова

60 келіге дейін — Виктория Графеева

65 келіге дейін — Аида Әбікеева

70 келіге дейін — Наталья Богданова

75 келіге дейін — Надежда Рябец

80 келіге дейін — Гүлсая Ержан

80 келіден жоғары — Елдана Тәліпова