Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.

Еркін күрес шебері Едіге Қасымбек U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы америкалық Коул Мирасоланы 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші белдесуде Қасымбек ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездеседі.