Жексенбіде таңертең Индонезиядағы Сулавеси аралының жағалауында магнитудасы 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Билік мәліметінше, 29 адам зардап шеккен, олардың екеуінің жағдайы ауыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Сулавесидің Орталық провинциясындағы Посо ауданынан 15 шақырым солтүстікте орналасқан. Негізгі дүмпуден кейін кемінде 15 афтершок тіркелді.

Индонезияның Төтенше жағдайлардың салдарын азайту жөніндегі ұлттық агенттігі жараланғандардың көбі аймақтық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың біразы жексенбілік құлшылық кезінде шіркеуде болған сәтте жер сілкінісіне тап болған.

Бұған дейін Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі тіркелгені, ол 44 шақырым тереңдікте болғаны туралы хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget