БАҚ Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның денсаулығы күрт нашарлап, Норфолктегі үйінде әрең қозғалып жүр. Бұл жайында RadarOnline монархтың жақын ортасына сілтеме жасап жазды.
"Король ауыр, бірақ үмітсіз дертпен күресіп жүр. Бұл – оның өміріндегі қайғылы кезең. Дегенмен ол бәріне "бар күшіммен шыдап, жігерімді жоғалтпауға тырысып жүрмін" дейді", – деп жазады басылым дереккөзге сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, Чарльз III таяққа сүйеніп жүреді және ауырсынуды жеңілдету үшін арақ-шарап ішеді.
Еске салайық, 2024 жылдың басында ІІІ Чарльзға қуықасты безіндегі онкологиялық дертке байланысты ота жасалды. Ал ақпанда Букингем сарайы ресми түрде диагнозды растаған болатын. Қоғамдық іс-шаралары азайғанына қарамастан, монарх мемлекет басшысы ретіндегі міндетін атқарып келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!