Мемлекеттік еңбек инспекторлары биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республиканың 239 кәсіпорны 3,5 мыңнан астам жұмыскерге 1,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін және түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4 мыңнан астам фактісін анықтаған, деп жазады Egemen .kz.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 3,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 1,1 млрд теңге төленген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 1 тамыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 514 тексеру жүргізу барысында 4 132 бұзушылық анықталған, оның ішінде: еңбек саласында – 3 465; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 648; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 25 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.