Ақмола облысында Абайдың 180 жылдығына орай екі мыңнан астам шара өтеді.
Халықаралық ақындар айтысы мен Абай мұрасына арналған республикалық-ғылыми конференциялар ұйымдастырылады. Хакім Абайдың тойы тек облыс орталығында емес, барлық аудан, ауылдарда да жоғары деңгейде аталып өтіледі, дейді жауаптылар.
БЛИЦ:
- Мен Абайдың көптеген шығармаларын білемін. Әрбір қазақ баласы Абай шығармаларын білу керек деп ойлаймын. Өзіміз мектеп кезінен бері оқып келе жатқан «Адам болам десеңіз», «Ғылым таппай мақтанба», «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» деген сынды шығармалары барлығымызға таныс.
- Біз мектеп кезінен бастап Абайдың шығармаларымен танысып, оқып, жаттап келдік. Енді ақыл тоқтатып, ес білгелі оның күрделі шығармаларын оқи бастадық. Оның қара сөздері адам философисын, адамның мәдениетін қалыптастыратын үлкен шығарма деп айтуға болады.
- Абай Құнанбайұлы қазақтың үлкен ақыны ғана емес, сазгер, композитор. Оның «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері халық арасында кең тараған. Абайдың әндері қазақ қазақ музыка мәдениетінің асыл қазынасы.