Сәтбаев қаласында өткен кезекті тазалық акциясына 300-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, «Amanat» партиясының қалалық филиалы қызметкерлері мен өндіріс орындарының жұмысшылары бар. Дәстүрлі шара бұл жолы Абай Құнабайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды. «Абай» аллеясынан басталған акция қаланың өзге де демалыс орындарында жалғасты. «Amanat» партиясы ұйымдастыратын тазалық шарасы осымен 15-ші рет өткізіліп отыр. Жалпы көктемнен бері шағын шаһардан 600 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Ерлан Орманов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл деген біздің қаланың тазалығы. Тазалық – денсаулық кепілі демекші, Абай атамызға құрмет көрсетіп, аллеяның тазалық жұмыстарын, ішіндегі МАФ-тарға, өрнектерге күтім жүргізу барысында тазалық жүргізіліп жатыр.