Ел аумағында жаңадан 42 су қойма салынып, жаңғыртылады.

Тағы 14,5 мың шақырым магистралды арна күрделі жөндеуден өтеді. Үкімет мұнымен шектелмей, су шаруашылығын толықтай цифрландырмақ. Осылайша ысырапсыз әрі рұқсатсыз тұтынуды бақылап, апаттың алдын алып немесе құр құмға сіңіп кетпеуі ескерілмек. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы қалай орындалып жатқаны туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев баспасөзде айтты. Ол әлемге иек артып, озық технологияларды елдегі зауыттарға орнату жоспарланғанын жеткізді. Отандық бизнеспен қойын-қолтық жұмыс істейтін шетелдік компаниялар тартылатынын айтты. Ал су үнемдеуде тәжірибесі бар өз кәсіпорындарымызға кесе-көлденең тұрып, кедергі келтірмейміз, - деді.