Алматы облысында Қытайдың Shanghai SpaceSail компаниясы ұсынған спутниктік интернет технологиясы сынақтан өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Бұл байланыс түрі – төмен орбиталық спутниктер арқылы жұмыс істейтін жүйе, яғни шалғайдағы елді мекендер мен инфрақұрылымы әлсіз аймақтарға интернет жеткізудің жаңа жолы.

Сынақ кезінде интернет жылдамдығы 200 Мбит/с-қа дейін жеткен. Мектептер, медициналық мекемелер, жол үстіндегі мобильді қызметтер мен ауыл инфрақұрылымын сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Shanghai SpaceSail компаниясы Қазақстанда 2026 жылдан бастап бұл қызметті коммерциялық негізде іске қосуды жоспарлап отыр.

Яғни, алдағы жылдары елдің шалғай өңірлерінде интернетке қосылу мәселесі едәуір жеңілдеуі мүмкін.