Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде финалға дейін жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жартылай финалда Эльмира Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды.
Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты. Осылайша Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!