2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енген соң тұрғын үй бағасы қымбаттап кетпей ме? Көпшіліктің көкейіндегі сұраққа Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауап берді. Роман Склярдың сөзінше, баспана нарығы қатты құбылмауы тиіс. Жаңа кодекс ірі құрылыс компанияларының жоғары пайда табу мақсатында бизнесті бөлшектеу тәжірибесін тоқтату керек. Тұрғын үй бағасы реттеліп отырады. Дегенмен ол әкімшілік емес нарықтық әдістермен жүргізіледі. Жаңа жылдан бастап құрылыс компаниялары 16 пайыз қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі, — деді Роман Скляр.

Роман Скляр ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Жаңа Салық кодексі қарапайым азаматтарға еш әсер етпейді. Біз биыл да 19 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Баспана бағасы бізде нарықтық тәсілдермен реттеледі. Эконом үйлердің бағасы шамадан тыс қымбат емес. Нарыққа сай. Алдағы уақытта да ол қатты құбылмайды деп есептейміз.

Жанармай бағасы көрші елдермен теңестіріледі

Ал жанармай бағасы қымбаттайды. Бірақ бірден емес. Ақырындап көрші елдермен теңестірілмек. Себебі, бензин мен дизель бізде арзан болғандықтан сыртқа кетіп жатыр, — деді Вице-премьер. Транзиттік көліктер де жанармайды толтырып әкетеді. Әзірге сұйық отын бойынша тапшылық жоқ. Тек авиациялық керосинге деген сұраныстың артуына байланысты, шет елдерден сатып алып жатырмыз. Ал ішкі өндірісті ұлғайту бойынша Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегін салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру қолға алынбақ.

Шерхан Жамбылұлы