Астанада пластик қалдықтары қайта өңделіп, полимерлі-құмды композиттен түрлі жабдықтар жасалып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Оның ішінде саябақтар мен аулаларға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері бар.

Кәсіпорын шаһарда жиналған қалдықтарды қабылдайды. Бұл өндіріс «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыруда маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Өндіріс орнында күніне ондаған өнім шығарылады. Мамандардың айтуынша, Астанамен қоса елдің өзге өңірлерінен де тапсырыс жиі түседі.

Нұрбақыт Елеусізов, компания бригадирі:

- Бұның 30%-і пластик, 70%-і құм болады. Содан кейін бояу қосамыз. Түсі «орех» болып шығады. Пластикке бізде целлофан, көкөніс жәшіктері кіреді. Оларды бірінші ұнтақтаймыз. Одан кейін пешке саламыз. Пеште ол 200-300 градуста пісіп, кәдімгідей ерітінді болып шығады. Оны қалыпқа саламыз.