Астанадағы қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенттері Германияда тәжірибеден өтеді.

Шетелде біліктілігін шыңдауға әуелі аспаз мамандығы бойынша оқып жатқан жастар аттанады. Колледж бұған дейін де бірқатар еуропалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, әріптестік құрған. Соның арқасында түлектер белді халықаралық компанияларда тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында оқу орыны бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға басымдық беріп отыр. Оның аясында халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына ден қойылған.

Ақжарқын Нұрманова, Астана қаласы, қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

- Германиямен меморандумға отырдық. Яғни болашақта екі дипломдық бағдарлама жүргізілетін болады. Балалар 1, 2-курста осы Қазақстанда, 3-курста мүмкін жоспарымызда тәжірибені Германияда өтіп, болашақта жоғарғы оқу орнын осы мамандық бойынша Германияда алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл аспаз мамандығына түскен студенттерге арналған.