Алматыда тағы бір заңсыз көлік жуу орны бұзылды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, сот шешімі бойынша Жуков көшесі мен Затаевич көшесі қиылысындағы нысан сүрілген. Жеке тұлға рұқсатсыз көлік жуу орнын салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылы 14 қарашада басқарма Алматы қаласы Медеу аудандық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз жолдаған, содан кейін сот процесі басталған. Нәтижесінде талап арыз қанағаттандырылып, апелляциялық сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

"Бұл іс Әділет департаментіне жолданып, 2024 жылғы 2 шілдеде атқарушылық іс жүргізу басталды. Кеше сот орындаушыларымен бірге ғимарат сүрілді", — деп жазылған хабарламада.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бері қалада 75 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. нысандар сүрілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget