Алдағы 25 жылда әлемде қатерлі ісікке шалдыққандар саны 35 млн-ға жетеді.
ДДСҰ-ның кейінгі зерттеуі осыны айғақтап отыр. Олардың мәліметіне қарағанда, дерт шырмауына іліккендер 2050 жылға қарай 77 пайызға артады. Өлім-жітім екі есеге көбейіп, 18 млн-нан астам адам аурудың құрбаны болуы мүмкін. Әсіресе өкпе, сүт безі, бауыр және асқазан қатерлі ісігіне шалдығу деңгейі артады. Мамандардың айтуынша, онкологиялық аурудың белең алуына темекі шегу, алкоголь тұтыну сияқты зиянды әдеттер мен семіздік себеп. Әсіресе кедей елдерде науқастар қатары күрт көбейеді. Өйткені бұл аймақтарда кеселге қарсы күрес еш нәтиже бермей тұр.