Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына қатысты бірнеше жазба жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркия көшбасшысы екі ел арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ердоған Тоқаевтың қызметке кіріскен сәтінен бастап Қазақстанның ынтымақтастықты дамытуға деген тұрақты ұстанымын көрсетіп келе жатқанын мәлімдеді. Достық пен серіктестікті нығайтудағы қызметі үшін Тоқаев ең жоғары түрік ордені — Түркияның Мемлекеттік орденімен марапатталды.
"Қазақстан Президенті, қымбатты бауырым Тоқаев алғашқы күннен-ақ Түркияның жақын досы екенін нақты қадамдарымен дәлелдеп келеді", — деп жазды Ердоған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Recep Tayyip Erdoğan (@rterdogan)
Ердоғанның айтуынша, Анкарада өткен кездесуде тараптар қорғаныс, энергетика, логистика, ғылым және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылап, 20 құжатқа қол қойған.
Түркия президенті туризм саласындағы ынтымақтастық перспективасына тоқталып, түрік азаматтарына Қазақстанда 90 күн визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.
Қазақстан Президенті 28 шілдеде ресми сапармен Анкараға барды. Тоқаевты Түркия президентінің өзі қарсы алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!