Ақтауда «ҚазАзот» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды. Марқұм кәсіпорында 2021 жылдан бері кран машинисі болып жұмыс істеген. Жасы 57-де. Ал зардап шеккен тағы үш жұмысшы әлі ауруханада. Еске салайық, зауытта 18 шілде күні апат болып, 4 адамды күйік шалды. Еңбек инспекциясының мәліметінше, жұмысшылар рұқсат құжаттарынсыз газ кескіш құралын пайдаланып, құбыр желісіндегі ақауды жоюға әрекеттенген. Салдарынан тоннель ішінде газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға бойынша арнайы құрылған комиссия тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы