Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз беру схемасы әшкереленді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

"2023–2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған. Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен. Кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған", — деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан. Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден аса мүлкіне тыйым салынды. Бұл іс бойынша 15 адам айыпталушы деп танылған.

Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget