Біз күнделікті көріп жүрген бұл көрініс — елдегі 20 мыңнан астам бала үшін орындалмас арман. Қым-ғуыт тірлікке ата-аналар өзге түгіл бауыр еті баласына көңіл бөле алмайтын күйге жетті. Ал бір сәтке болса да еш жазығы жоқ, тағдыр тауқыметін тартқан, қараусыз қалған қамкөңіл жеткіншектердің өмірі жайлы ойладыңыз ба? Олардың балдырған шағы балалар үйінде зу етіп өте шығады. Ал ер жетіп, ересек өмірге қосылғанда тағы тағдырдың қандай тепкісі күтіп тұр? Арнайы жобада айтамыз.