Жыл басынан бері көмірге шетелден сұраныс артты. Әсіресе Түркия мен Үндістан көптеп сатып ала бастады . Қаңтар-мамыр аралығында 11,4 млн тонна көмір экспортталды. Бұл – былтырғы жылдың 5 айымен салыстырғанда 14 пайызға артық.

Мұның ішінде Ресейге 7 млн тонна жөнелтілсе, Польшаға 1 млн 200 мың тоннасы жол тартты. Сондай-ақ Түркияға экспорт 5 есеге жуық артса, Үндістан жылдағыдан 3 есе артық көмір сатып алды.

Дегенмен кейбір елдерге экспорт көлемі төмендеді. Мұның өз себептері бар. Мәселен, Қытайда металлургиялық кәсіпорындардан сұраныс азайса, Өзбекстан мен Қырғызстанда қыс жылы болып, былтырғы қыстан көмір артылып қалды. Алайда мамандар күзге таман сұраныс ұлғаятынына сенімді.