Пәтер сатып алу — маңызды әрі жауапты шешім. Бұл қаржылық қана емес, заңдық тәуекелдермен де байланысты. Egemen.kz Krisha.kz сарапшыларының пәтер сатып алу кезінде алданып қалмау үшін мынадай маңызды жайттарға назар аударуы жөніндегі кеңесін ұсынады.
- Құжаттарды мұқият тексеріңіз. Қате немесе түзету бар құжаттар жарамсыз. Тек түпнұсқа талап етіңіз.
- Сенімхатпен сату қауіпті. Иесінің өзі қатыспаса, мәміледен бас тартқаныңыз дұрыс.
- Заңсыз қайта жоспарлау (балконды қосу, қабырға бұзу) пәтерді ипотекаға рәсімдеуге немесе кейін сатуға кедергі келтіреді.
- Құрылыс жүріп жатқан үйден пәтер аларда міндетті түрде заңды құжаттарын тексеріңіз. Тек үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы сатып алыңыз.
- Мансард не цоколь қабаттағы пәтерлер кейде заң жүзінде "техникалық" болып есептеледі – сот арқылы да тартып алынуы мүмкін.
- Жиі сатылған пәтерлерден сақ болыңыз. Бұл мүлікке қатысты дау немесе қарыз болуы мүмкін.
- Мұрагерлікпен алынған пәтерде кейін жаңа мұрагерлер пайда болуы мүмкін. Алдын ала нотариустан тексертіп алыңыз.
- Сатушы күдік тудырса (жасы үлкен, мінез-құлқы оғаш) – мәміледен бұрын психикалық денсаулығына қатысты анықтама сұрауға құқығыңыз бар.