Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тарап пен сотталушылардың беттестіру кезіндегі бейнежазбасы көрсетілді. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен сотталушы Нұрқияс Ілиясовтың арасында болған беттестіруде Нұрымов баласын Ілиясовтың мылтықпен ұрғанын айтқан. Анамды құлатып, әйелімді жылатып, ұлымды өлтіріп тынды деді ол. Алайда сотталушы оның мәлімдемесін жоққа шығарды. Тек марқұмның ағасы Ғайыпбаевқа мылтықтың дүбімен соққы жасағанын мойындаған. Ал Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиева, өзінің сотталушы Ілиясовпен беттесуінде барлығының қолында пышақ болғанын айтқан. Сондай-ақ сотталушы Абзал Шынасылдың «Сені де өлтіреміз» деп қорқытқанын мәлімдеді. Бүгінгі сот отырысы техникалық ақауларға байланысты 1 сағат уақыт шамасында кешігіп басталды. Беттестіру бейнежазбаларын көріп, зерделеу түскі үзілістен кейін қайта жалғасады.

Дамир Нұрмұхамет