Павлодар облысы Баянауыл ауданында археологтар мен студенттер қоладан құйылған екі көне пышақ тапты.
Құнды жәдігерлер Торайғыр көлінің жанындағы сақ қорғандарынан табылған. Мамандардың айтуынша, бұл өңірден табылған ең көне қола бұйымдардың бірі. Пышақтар жергілікті қоладан жасалған. Құю тәсілі көне, бірақ стилі ерте темір дәуіріне жатады. Мұндай құнды заттардың табылуы сол заманда металл өңдеу кәсібінің жақсы дамығанын көрсетеді. Жәдігерлер музейге тапсырылып, қалпына келтірілген соң көпшілікке көрсетіледі.
Асқар Абильдин, Ә.Марғұлан университеті Археологиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:
- Зерттеу барысында қорған диаметрі 6 метр, орталарында тастан жасалған жәшіктер орналасқан. Жәшіктер ішінде аяқ-қолы бүгілген, басымен оңтүстікке қаратылған адам қанқалары және қоладан жасалған пышақ-бұйым табылды. Бұл жәдігерлер бізге осы Баянауыл өнірінің тарихын толықтыруға келтіретін ерекше жәдігер болып саналады.