Еңбек кітапшасы қажет міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Енді жаңа тәртіп бойынша жұмысқа орналасу үшін электронды еңбек шарты жеткілікті. Зейнетақы жарналары тұрақты аударылып отырса, еңбек өтілі автоматты түрде есепке алынады. Министрлік бұл өзгеріс еңбек қатынастарын жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтуға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Темірлан Нұрсолтан