150 елден келген 10 мыңға жуық студент спортшы өзара сынға түседі . Бүгін Германияның бірнеше қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындары басталады.
Қазақстан спортшылары Алмания еліне жетті. Бұл жолғы додада ел намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғайды. Ал жалпы теннис, бадмитон, суға жүзу және семсерлесу шеберлері, таэквондошылар мен көркем гимнастика сынды спорттың 18 түрінен медальдар сарапқа салынады. Универсиаданың ашылу салтанатында таэквондошы Батырхан Төлеуғали көк Туымызды ұстап шығады. Жастар арасында құрлықтық және әлемдік додаларда олжа салған оның бұл алғашқы Универсиадасы.
Батырхан Төлеуғали, таэквондодан Қазақстан студенттер құрамасының мүшесі:
Айта кету керек, осыдан 2 жыл бұрын Қытайдың Чэнду қаласында өткен Универсиада студент спортшыларымыз 20 медальді еншілеген еді. Оның екеуі алтын, 7 күміс және 11 қола жүлде.
Нұрсұлтан Тілектес