Дана Нұржігіт елуден асқан әйелдер қауымына ақыл айтты. Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің замандастарына ақыл-кеңесін айтып , “елуден кейін” де жарқын өмір сүрудің құпияларымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Құрбым, өзіме айтқанды саған да айтамын Тыңдашы! Елуден кейін өмір бар.

Мынау 2015 жылғы фото. Астанаға көшкен жылым. Бұдан бері көп нәрсе өзгерді.

Шаш та ағарды, салмақ та қосылды, жүйке де жұқарды,қателік те көп болды, денсаулық бұрынғыдай емес… Stop!

Осылай да айтуға болады! Бірақ…бұл сөздер саған жігер беріп, ертеңге деген сеніміңді бекем етуге септігі бар ма? Жоқ! Олай болса, айтпа! Миыңды әдемілікті көруге, жақсы сөз айтып, жақсылықты ғана көруге үйрет! Жамандық онсыз да жетіп жатыр! Одан да өзіңді орныңнан тұрғызатын, өмірді сүюге талпындыратын сөзбен қуаттандыр! Ал, қайта баста, кәнеки!

Он жылда мен көп нәрсе жасадым. Түрлі жобалар, мемлекеттік қызмет, баламды өсірдім, әкесімен жүздестірдім, сотта жеңіске жеттім, сынақтан өттім, өзімді өзім қолға алып,спортқа бет бұрдым, YouTube арна аштым, өз шеберханамды жүргіземін, кітап жазып жатырмын…тағы не? А! Кеше өмірімде бірінші рет үстіме тырысқан спорт киім киіп видео жаздым ол да бар айтпақшы! Ас, ұйқы дегенде де,адамдармен қарым-қатынаста да САПАНЫ таңдайтын болдым.

Міне, құрбым! Басқаның сөзімен емес, өзімнің жолымнан таймай, “өзіңмен күрес өлгенше”деп алшаң басып, еңсем түспейтіндей өмір сүремін.

Формаға емес,мазмұнға мән бер! Мәңгіліктің өлшемінде бәрі тозақ. Дәл қазіргі сәттен ляззат тауып үйрен,құрбым! Батыл бол! Бақытты бол!”, — деп жазды ол.