Жапонияда әжелерді 1 сағатқа жалдау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.
Оларға үй шарушылығында көмекке жүгінуге болады. Бұған тамақ пісіру, бала күтімі тағы басқа қарапайым тірліктер кіреді. Мұндай қызмет құны сағатына 3 мың йеннен, яғни, 10 мың теңгеден басталады. Жүйеге 60 жастан 94-ке дейінгі жүздеген әйел тіркелген. Олар үй шаруасына бейімділігі, өмір тәжірибесі мен білімі жағынан іріктелген. Азиялық басылымдардың жазуына қарағанда, зейнет жасына шыққан жапон әжейлері осылай табыс тауып жүр. Ресми дерекке сүйенсек, бұл елде жұмыс істеп жүрген 9 миллионнан астам қарт кісі бар.