Copernicus климаттың өзгерісін бақылау қызметінің мәліметі бойынша өткен айдың басы мен аяғында бірқатар өңірді аптап жайлаған, деп хабарлайды 24kz.

Сынап бағанасы +38 градустан түскен жоқ. Салдарынан екі апта ішінде 2 мыңнан астам адам көз жұмды. Өлім-жітім 65 жастан астан асқан қарт адамдар арасында көп.

Бонн Фрея Вамборг, Copernicus климатты бақылау қызметінің маманы (Германия):

- Жерорта теңізі бассейндеріндегі жылы ауа толқындарының көрсеткіші маусым бойы тек көтерілумен болды. Тіпті түнде температура түскен жоқ. Бұл құбылысты әдетте «тропикалық түн» деп атаймыз. Онда сынап бағанасы +20 градустан түспей тұрады.

Түркиялықтар ыстықта бұғазға шомылып жүр

Еуропадан соққан жылы ауа Түркияның біраз өңіріне әсер етті. Ыстамбұлда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтерілді. Ми қайнатар ыстықтан тұрғындардың дені Босфор бұғазына шомылып жатыр. Көшедегі мейрамханалар келушілерге тегін салқын су таратып жүр. Синоптикер аптап апта соңына дейін жалғасатын айтады. Ал, елдің батысында ауа температурасы +50 градусқа дейін жетеді.