Түркістанда жанармай бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен жүргізушінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды 24kz.
Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 90%-ін күйік шалған. Оқыс оқиға Тұрбат ауылы маңында тіркелді. Жанармай таситын жүк көлігінен сұйық отын төгу кезінде жарылыс болған. Қызыл жалын іргелес жатқан жеке тұғын үй, сауда орталығы, дәріхана мен дүкенді шарпыды. Өрт екі жарым сағаттан кейін ғана сөндірілді. Қазір мән-жай анықталып жатыр.