1,5 мың ауыл мектебі республикалық жобаға қосылады .
"Ауыл мектебі – сапа алаңы" жобасы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған. Оған 2023 жылы 12 тірек мектеп пен 134 шағын жинақты мектеп, 2024 жылы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп қатысты. Жобаны іске асырудың нәтижесінде мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды, сондай-ақ жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету шешімін тапты. Жобаның маңызды тұсының бірі онлайн оқыту. Оқушы мен мұғалім саны аз ауыл мектептерінде математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақтар өткізіледі.