Бүгін елде Әскери-әуе күштерінің кәсіби мерекесі.
1998 жылы дәл осы күні бұл құрылымды жасақтау туралы директива шықты. Содан бері әскери авиация маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті әрі қуатты күшке айналды. Сала кадрлары Ақтөбеде Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында даярланады. Оларды оқыту бағдарламалары қайта қаралды. Дайындықтың жаңа әдістемелері енгізіліп, халықаралық оқу-жаттығу жиындары өткізіліп жатыр. Ұшу бөлімшелері заманауи ұшақтармен және тікұшақтармен жабдықталған.