Белгісіз біреулер қарияға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олар жинақтағы қаражатқа қауіп төніп тұрғанын айтып, ақшаны «қорғау» мақсатында үшінші тұлғаларға беруге сендірген.
Нәтижесінде зейнеткер барлық қаржысын алаяқтарға өз еркімен табыстаған. Қазір тергеу барысында олардың осыған ұқсас өзге де істерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Егер күмәнді қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, бірден 102 нөміріне немесе ең жақын полиция бөлімшесіне хабар беріңіз.