Аптап ыстық Еуропаның басқа елдерін де айналып өтпеді. Испания, Италия, Португалия және Грецияда үш күннен бері термометр 40 градустан түспей тұр. Испанияның Андалусия аймағында тіпті 46 градусқа жетті. Елде мұндай ыстық 1965 жылдан бері болмаған. «Климаттың өзгеруінің әсері», – дейді мамандар.

Италияның 21 елді мекенінде кей мамандық иелеріне күн ыситын уақытта жұмысты тоқтатуға рұқсат етілмек. Қазір тұрғындар мен туристер теңізде, субұрқақтарда шомылып, жан сақтауда.

Осы аптада термометр 47 градусқа көтерілуі мүмкін екенін айтқан синоптиктер орман өртінің алдын алу қажет деп дабыл қағуда.

Нұрсұлу Қасым