Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын жүлдеге қол жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде 3 спортшымыз жүлделі болды.
Тұғыр сатысына көтерілгендер:
- Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын
- Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын
- Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын
Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзербайжан) есе жіберді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!