"Қазгидромет" РМК ертең, 30 маусымда Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар облыстарда найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар, төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Астана қаласында найзағай болады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, тұман және қатты жаңбыр күтіледі.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Жетісу мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай болады.

Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады, Түркістанда шаңды дауыл да күтілуде.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында найзағай, бұршақ, екпінді жел болжануда.

БҚО мен Атырауда желдің жылдамдығы секундына 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір өңірлерінде өрт қаупі жоғары деңгейде.

Төтенше жағдайлар қызметі мен "Қазгидромет" тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, барынша сақ болуға, алыс сапарлар мен ашық далада ұзақ уақыт болудан аулақ болуға кеңес береді.