Қызылорда облысы Арал қаласында «Руханият» орталығы ашылды.
Зәулім ғимаратқа архив, музей, кітапхана секілді мекемелер мен орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар орналасады. Бұрын бұл мекемелердің ғимараты ескі әрі тар болған.
Аумағы 2500 шаршы метрден асатын бұл жаңа нысанда аудандық архив, музей, кітапхана, неке қию залы, сондай-ақ ардагерлер мен жастар орталығы орналасты. Бұл мәдени-әлеуметтік құрылымдардың бұрынғы ғимараттары тар әрі ескі еді. Заманауи үлгіде жабдықталған жаңа орталықта тың бастамаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
- «Руханият» орталығы есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған Сыр шайыры – Нұртуған жырау, Қазақ әдебиетінің алыбы, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, дарынды ақын Зейнулла Шүкіров, ақын, сазгер Шөмішбай Сариев, Қазақстанның халық әрітісі Құдайберген Сұлтанбаев секілді таланттарымыз туған қасиетті топыраққа құтты шаңырақ болады деп сенеміз.
Орталық туристер үшін де тартымды болады, дейді мамандар. Аудандық тарихи-өлкетану музейі бірқатар құнды жәдігерлерді көпшілік назарына ұсынбақ.
Айбек Медетбаев, аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі:
- Аралазабр дейді ғой, солардың, мамонттың тісі, осы «Рухани» орталық ашып, жаңадан қойылып жатыр.
Жанат Әлішова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар желісінің директоры:
- Бұрынғы ескі кітапханамыздың ғимараты 1976 жылы салынған асармен. Оның көлемі 736,6 шаршы метр болса, қазір «Руханият» орталығының 1124,6 шаршы метріне орналастық.
Орталық — ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттайтын рухани ордаға айналмақ.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев