Танымал дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы қазіргі таңдағы жалған психологтар мен коучтар туралы өз ойын ортаға салды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дінтанушы өз ойын желідегі парақшалардың бірінде айтты.

«Бірден күреп ақша табамын деген психология әбден бұзып болды адамды. Бұл жерде де жалған психологтардың үлесі көп болды. Өйткені, сен бәріне лайықсың, сен андайсың, мұндайсың деп, тек қана өз басы мен бойын күте беру, тек қана үлбіреп отыру арқылы ғана, ешқандай қабылетсіз, қасиетсіз жетістікке жету болады деп айтылды.

Атаны, енені, күйеуді қарама, тек қана өзіңе қара. Сен деген жердің кіндігісің, өзіңе ғана қара, сонда бәрі тамаша болады деді. Жеке шекараңды қорға деді. Осындай ұғым бізде болған да жоқ қой? Жеке шекарасын қорғаймын деп, қаншама қыз қу тізесін құшақтап, жалғыз қалды…

Мен әсіресе тұрмысқа шыққан қыздарға шыққандарға үнемі айтамын, айналайындар-ау, сендердің жеке шекараларың тұрмысқа шыққан күні тас-талқан болыр қирады ғой? Баяғыда ол баса көктеп кіріп кетті ғой? Және ол армиясымен кіріп кетті.

Қайдағы жеке шекара? Енді отбасылық шекара деген болады. Бір-біріңе деген құрмет, отбасылық құндылық деген болады…. Сондықтан өте көп жалған ұғымдар, түсініктер бар», — деп кесіп айтты дінтанушы.