Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен 90-ға тарта елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады.

Өңірде Преснов, Булаев, Соколов және Көкшетау топтық су құбырларын жаңалау жөнінде бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде Тайынша, Аққайың, Жамбыл, Қызылжар, Ақжар және Мағжан Жұмабаев аудандарында ауыз су мәселесі шешілмек. Жалпы теріскейде қайтарылған активтер есебінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен білім саласында 33 нысан қаржыландырылады.

Эльмира Кәленова