АҚШ-та Президент Трампқа импичмент жариялау туралы қарар ұсынылды , деп хабарлайды 24kz.

Демократ Эл Гриннің айтуынша, Ақ үй басшысының Иранның ядролық нысандарына соққы жасау туралы шешімі заңсыз. Өйткені Конституцияға сай Америкада қарулы операция бастау үшін алдымен Конгресстің келісімі қажет. Яғни, Президент өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Сарапшылар: «қарар өкілдері палатасынан өткенімен, Сенат қабылдамайды», - деп отыр. Өйткені мұнда республикашылардың, яғни, президент Трамп жақтастарының ықпалы күшті. Ақ үй басшысына импичмент жариялау осымен 4-рет ұсынылып отыр.